Аудан әкімі аппараты мен кент әкімдері, бөлім басшылары бірлесіп "Мектепке жол" акциясына қатысты. Акция аясында 14 оқушы мектеп сөмкесі және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.
Аудан әкімі Жұмабай Қарағаев бастамасымен өткен акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету болып табылды.
Оқушылардың үйіне арнайы барған аудан басшысы жаңа оқу жылымен құттықтап, оларға оқу құралдары салынған мектеп сөмкелерін табыстады.
Көмек алған балалардың ата-аналары қолдау көрсеткен азаматтарға ризашылықтарын білдірді.
Жалпы “Мектепке жол” акциясы ауданымыздың барлық кенттері мен білім беру мекемелерінде өткізілуде. Аталған шара аясында қыркүйек айының соңына дейін 340 оқушыға түрлі көмектер көрсетілді деп жоспарланған.
М.Ізтұрғанова
Суреттер автордікі