Бұдан бұрын да хабардар еткеніміздей, «Рухани жаңғыру» бағдарламасына негізделген Мақат ауданының 95 жылдық мерейтойына арналған мүсіншілердің алғашқы симпозиумы аяқталып, нәтижесінде қазақы нақыштағы 10 экспозициялық жұмыс аудан орталығынан орын алды.
Олар «Туған жер» саябағындағы аудан тарихынан дерек ұсыналар тақталар мен 3D форматындағы ұлттық нақыштағы суреттерді толықтырды.
Бір ай бойы орталық алаңда Маңғыстау өңірінің ақ тасынан қашалып, шеберлер қолынан шыққан туындылардың өзіндік бейнесінен өзге мағыналық құрылымы, шебер қолымен ұсынылуы ерекше бір әлем.
Сандық үстіндегі ер-тұрман, балбалтас, бекіре, тасқа қашалған аңның бейнесі, домбыра композициясы, өгіз мүйізі бейнесі, құмыра, түйе бейнесі секілді туындылар ауданның ажарын келтіріп тұр.
Мүсіншілер бұған дейін халықаралық EXPO-2017 көрмесінде қазақи этно ауылды көркемдеген жас шеберлер болатын. Сондай-ақ, еліміздің әр түкпірінде өзіндік архитектуралық қолтаңбаларын қалдырып үлгерген болатын.
А.Таумұрынова
сурет: автордікі