Тілге құрмет – баршаға міндет

(0 Votes)

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде кітапханашы М.Ахатованың ұйымдастыруымен «Ана тілім-ардағым» атты тәрбиелік шара өткізілді.
Шара білім алушыларға қазақ тілінің құдіреттілігін сезіндіріп, тілдің адам өмірі үшін мәні айырықша екенін ұғындыруды мақсат етті.


Аталмыш тәрбиелік шараны кітапханашы М.Ахатова білім алушыларды тіл мерекесі күнімен құттықтап, «Тіл-асыл қазына» атты кітап көрмесімен таныстырудан бастады. Көрмеге кітапхана қорындағы тілге қатысты ақын-жазушылардың туындылары қойылып, шығармашылықтары жөнінде ақпараттар берілді.
Іс-шараға колледж білім алушылары белсене ат салысты. Асылжан Ізтелеуова «Аяулы ана» әнін нақышына келтіре орындаса, Айнагүл Аманандықова мен Ақнұр Серікова «Шашу» биін мың бұрала биледі. Көркемсөз шырайын Ляззат Қиясова мен Ернияз Қайрат келтірді. Көрерменге қойылған тіл туралы сұрақтарға жатақхана білім алушылары жарыса жауап беріп, шара соңында барлық қатысушылар Ескендір Хасанғалиевтің әні мен әуезі жарасқан «Атамекен» әнін шарықтата орындады.

 


С.ҚАРМЫСОВА,
әлеуметтік педагог

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT