Балаларға сыйлық үлестірілді

(0 Votes)

Жаңа жыл – ересектерге жаңа үміттің бастауы болса, балаларға асыға күтетін қуанышқа толы мереке. 

Жаңа жылдың қарсаңында тәттілерді кішкене балаларға тарту ету ауданда басталып та кетті. Ерекше балаларды назардан тыс қалдырмау мақсатында Мақат аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен 192 мүмкіндігі шектеулі балаға жаңа жылдық сыйлықтар таратылды.

imgonline-com-ua-resize-znei29luovjxqw

Сыйлықтарға демеушілік танытқан -  «SICIM KAZAKHSTAN», NCOC, «Доссор-Сервис» мекемелері болды. Әлеуметтік қызметкерлер 28 баланың үйіне Аяз Ата мен Ақша қардың кейпінде барып, ертегі сыйлай білді. Әрқайсысы әртүрлі дертке шалдыққан бүлдіршіндер мен жасөспірімдер Аяз Атаға арнап тақпақтарын да айтып жатты.

«Баламыз шырша құрып, үйдің ішін жаңа жылдық атмосфера орнатып қойған. Біздерді елеп-ескеріп керемет көңіл-күй сыйлап жатырғандарыңызға рақмет», - деп алғысын білдірді ата-аналар.

А.ЕСЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521