Ауданымызда 120 пәтерлік 2 тұрғын үй салынуда

(0 Votes)

«Бұл туралы Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкін онлайн брифингте айтты», - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

  • Қазіргі уақытта Мақат кентінде үш қабатты 60 пәтерлік екі тұрғын үй салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың мамыр айында аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде, - деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, Шәкір Кейкін қараша айында  Доссор кентінде үш қатарлы алпыс пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілгенін атап өтті. Оның ішінде 38 пәтер көпбалалы отбасыларға, 15 пәтер әлеуметтік жағынан осал топқа жататын адамдарға, 3 пәтер жетімдер және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, 4 пәтер апатты тұрғын үй иелеріне табыс етілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT