Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында аудан аумағында 14-23 ақпан аралығында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткен болатын.
Профилактика барысында аудандық полиция бөлімі қызметкерлері бірқатар шаралар ұйымдастырды. Түсіндірме жұмыстары бойынша әлеуметтік желілерге 14 материал және бір бейнеролик жарияланған.
Іс-шара барысында аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары аудан мектептерінде болып, оқушыларға жол қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жалпы профилактика аясында 28 құқық бұзушылық анықталып, шарасы алынды.
Өз тілшіміз