Ауданда "Автобус" жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

(0 Votes)

21 ақпан және 2 наурыз аралығында аудан аумағында "Автобус" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.


Іс-шара Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2022 жылғы 1 тоқсанға арналған жедел-профилактикалық іс-шаралар кестесіне сәйкес, автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын жүргізушілерге қатысты бақылауды жетілдіруді мақсат етеді.


Аталған іс-шара бойынша аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторлары түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.


Іс-шара басталған үш күннің ішінде 10 әкімшілік хаттама толтырылып үлгерген.

5b341ff4-b721-4b8a-b526-309f74dc3e67

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT