Алдаспан ақынды жатқа оқыды

(0 Votes)

Биыл қазақ халқының теңдігі жолында ақ найзасымен, азаткер асқақ жырымен, қасық қаны қалғанша күрескен әрі батыр, әрі ақын Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл.

Ақын мерейтойының құрметіне орай Доссор мәдениет үйінің ұйымдастыруымен кенттегі №3 Доссор кітапханасы және №4 Доссор балалар кітапханасында мектеп оқушылары арасында поэзиялық кеш ұйымдастырылып, «Ең үздік көркемсөз оқу шебері» анықталды. Кеш басында батыр бабамыз туралы сұрақтар қойылып, қызықты ақпараттар баяндалды. Кейін оқушылар ақынның рухты, алмастай өткір жалынды жырларын мәнерлеп жарыса оқып, шараны жандандыра түсті.

Өлең оқуда белсенділік танытқан Аяулым Кенжебекқызы, Айша Ықпалбай, Эльдар Жұмагелдіұлы және Нұрайлым Аманжол Доссор мәдениет үйінің директоры атынан алғыс хатпен марапатталды. Ал «Ең үздік көркемсөз оқу шебері» деп танылған Кәусар Тілегенге «Мечта» тұрмыстық техника дүкеніне сертификат табысталды.

Поэзиялық кештің жалғасы кітапхана қызметкерлері Ж.Сарбасова мен А.Жылқышиеваның батыр ақынға арналған кітап көрмесін таныстыруына ұласты.

А.Есжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521