Балалар хат жазып, армандаған сыйлығын алды

фото:Э.Мусинаның жеке фото жинақ қорынан алынды
(0 Votes)

Жаңа жыл қарсаңында балалардың барлығы мерекелік шарадан тыс қалмайды. Атырау қаласындағы Құманғазы атындағы мәдениет сарайында «Мейірімді достан хатқа жауап» атты жаңа жылдық кеш өтті. «Айналайын баладан» қоғамдық қорының төрайымы, әлеуметтік кәсіпкер Эльмира Ғарифоллақызы демеушілердің көмегімен ұйымдастырған шара аудан бойынша аз қамтылған 50 баланы қуанышқа бөледі. Мерекелік шараның ерекшелігі балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, өздері армандаған сыйлықты алып беруді мақсат етті.

Осы орайда, кеш ұйымдастырушысы Эльмира Мусина балаларды жаңа жылмен құттықтап, ауданға қарасты кәсіпкерлерді біркісідей қайырымдылықпен айналысуға шақырды.

«Баршаңызды келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймын! Келер жылымыз тек жақсылығын әкелсін! Жаңа жыл – балаларға үлкен қуаныш сыйлайтын мереке. Әсіресе, бұл мерекеде көп балалы, аз қамтылған және жетім балаларға көбірек көңіл бөлуіміз қажет. Қазақта «қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген керемет сөз бар. Осы мақсатта аудандағы барлық кәсіпкерлерді қайырымдылық шараларына белсене ат салысуға шақырамын», - деді қоғам белсендісі Эльмира Мусина.

Сондай-ақ аталған кеште сахналық қойылымдар ұйымдастырылып, балалар қуанышқа бөленді. Аяз ата мен ақшақар да өз өнерлерін көрсетіп, думанды мерекенің ажарын ашты. Одан бөлек, бірқатар демеушілер олардың хатта жолдаған тілектеріне жауап ретінде арнайы сыйлықтарын табыс етті. Сыйлықтар ішінде велосипедтен бастап, жұмсақ ойыншықтарға дейін болды.

Кеш соңында балалар мерекелік көңіл-күймен қайтып, ата-аналар да өз ризашылықтарын жеткізді.

 

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT