Доссор кентіндегі «Сандуғаш» бөбекжай-балабақшасында қазақи салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дәріптеуге, әкеден балаға мирас болып қалған ойындардың жоғалмауына ерекше мән беріледі.
Өткен аптада ұлттық құндылықтарды бала бойына ұялату мақсатында балалар арасында асықтан «Ханталапай» ойнатылды. Ол жердегі мақсат дені сау, ұлттық ойындарға құмар, сыни тұрғыдан ойлайтын ұрпақ тәрбиелеу еді.
Салт-дәстүрден көрініс көрсетуден басталған шара Айгөлек тобындағы «Ханталапай» ойынынан кейін әуенге сай қимыл-қозғалысты қажет ететін «Орамал» ойынымен аяқталды. Бүлдіршіндердің ой-өрісін дамытқан көңілді шараның өтуі балабақша тәрбиешілері Жұмағыз Нұрбергенқызы мен Ақкенже Сатайқызының және саз жетекшісі Шолпан Жұмагелдқызының еңбектерінің арқасы.
А. Есжан