Балаға ақыл ішкен асынан дариды

(0 Votes)

Денсаулықтың негізгі көрсеткіштерінің бірі – дұрыс тамақтану. Оның ішінде мектеп оқушыларының дұрыс әрі уақтылы тамақтануы маңызды мәселе. Кәмелеттік жасқа дейін ағзаның қалыптасуы жүзеге асады.

Мектептегі дұрыс тамақтануға байланысты Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс және пайдалы тамақтануында фастфуд, тәтті сусындар, кофеиннің көп мөлшері, консерванттар, бояғыштары бар тағамдардың болмауы өте өзекті. Қант және тұзы көп тағамдарды шектеу де өте маңызды.

Мектеп оқушыларының тағамында тұздың ұсынылған мөлшері күніне – 5 грамм немесе 1 шай қасықтан аспауы тиіс деген ғылыми дәлелдемені алға тартып отыр.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті теңдестірілген ыстық тамақ баланың өсіп келе жатқан организміне әлдеқайда пайдалы екендігін ескертеді. «Ыстық тамақ ішетін оқушы оқу материалын жақсы игереді және сабақ аяқталғанша сергек болады, аз шаршайды. Мектеп асханаларында ыстық тамақты чипсымен, кептірілген нанмен, шоколадпен алмастыру балалардың денсаулығына өлшеусіз зиян келтіреді», дейді мамандар.

Тағамтану академиясы енді өсіп, қалыптасып келе жатқан бала ағзасына қажетті барлық дәрумендер мен микроэлементтерді есепке ала отырып әрі ыстық тағамдарды енгізіп, барлық мектептерге арналған тамақтану кестесі бойынша бірыңғай стандартты түзіп шығарды. Стандарттан ауытқымауды үйде ата-аналар да мән бергені дұрыс. Сонда ғана балаларымыздың дені сау әрі ойлау қабілеті жетілген толыққанды азамат болып шығуына өз үлестерін қоса алады. Кез келген ата-ана баласының не жеп жүргенін білгені маңызды.

Бұл жөнінде ойларыңыз болса, редакцияға хат жазып, ойларыңызбен бөліссеңіз дейміз.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521