Адамгершілік – мемлекеттік қызметшінің абыройы

(0 Votes)

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет» деп Ата заңымызды белгілеп, даму бағыты айқындалған, жарқын болашаққа қарай батыл қадам басқан Мемлекет болып қалыптасып келеді.

Жас Мемлекеттің ірге тасын қалау, құру, қалыптастыру бағытындағы ең жауапты іс-мемлекеттік қызметшілерге жүктелді.

Қай мемлекеттік қызмет саласы болса да, мемлекеттің сол саладағы саясатын жүргізетін орган болып табылатындықтан, сол саланың кәсіби білікті кадрлары – саланың заман талабына сай тез дамуын, уақытпен бірге жүріп отыруын қамтамасыз етеді, саланың даму деңгейінің көрсеткішін жасайды. Екінші жағынан, мемлекеттік қызмет саласы – халыққа қызмет көрсетуші, халықпен тікелей байланыстағы қызмет екенін ескерсек, тек кәсіби маман болып қана қоюдың жеткіліксіздігі, оған қосымша халықпен араласу, қатынас жасай білу мәдениетінің қалыптасуының маңыздылығын арттырады.

Білімділік, біліктілік, жоғары моральдық-этикалық бейне, адамгершілік – әрбір мемлекеттік қызметшінің бойында үйлескен жағдайда – мемлекеттік қызметшінің «жоғары имиджі» жасалады, осындай имидж мемлекеттік қызметтің беделін көтеруге тікелей жол болып табылады.

Әрбір мемлекеттік қызметшінің өзінің жұмысына жеке басының жауапкершілігі мен тәртібі - әрбір қоғам мүшесінің мемлекетке деген көзқарасын, сенімін қалыптастыратынын жақсы түсініп, «Өзің де жан - өзгені де жандыр» - деген ұлы қағиданы ұстанса, «нұр үстіне нұр» болары сөзсіз.

С.ҚОЖАҒҰЛОВА,

аудандық мәдениет,

тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521