Аудан әкімі Азамат Мәмбетов пен Қазақстан шахмат федерациясының Атырау филиалының атқарушы директоры Назгүл Мырзағалиева екі жақты меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты - зияткерлік спорттың бірі ретінде саналатын шахмат ойынын дамыту және кеңінен насихаттау болып табылады.
Кездесу барысында шахматтың өскелең ұрпақтың ой өрісінің дамуына оң ықпал ететіндігі тілге тиек етіліп, меморандум шеңберінде іс-шаралар жоспары жасақталатын болды.
Ә.ҚАСЫМ