Байқаудан олжалы қайтты

(0 Votes)

Атырау қаласында қазақтың лирик ақыны Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» атты ақынның өлеңдерін оқу және ақын сөзіне жазылған әндерді орындаудан балалар мен жасөспірімдер арасында өткен республикалық байқауында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 200-ге тарта жас өнерпаздар бақ сынады.

Аталмыш байқауға Доссор мәдениет үйінің шәкірттері де қатысты. Қуанова Гүлзат көркем сөз оқыса, Жанболат Лана сурет салды. Екеуі де ІІ орынға ие болды. Жетекшілері Ерсайын Әліпұлы және Азамат Есенжанұлы жас ұрпақты өнерге баулып, байқауға сіңірген еңбегі үшін Алғыс хатпен марапатталды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521