Бақташылық жұмысқа ешкім қызықпайды

(0 Votes)

Жыл өткен сайын ата кәсіпті жалғастырып, төрт түліктен ризық-несібе айырған ағайын қарасы да қалыңдап келеді. Мақат кенті әкімінің кіші мәжіліс залында шаруа қожалығының иелері мен жеке иелігінде малы бар кент тұрғындарымен кездесу болып өтті.

Жиынға Мақат кентінің әкімі Б.Сәрсен төрағалық етіп, аудандық ветеринария станция директорының міндетін уақытша атқарушы Т.Құрманалиев, ветеринария станциясының мал дәрігері К.Ибатова, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы К.Меңдіғалиева қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша тұрғындарға ауыл шаруашылығы жануарларын аса қауіпті ауруларының диагностикасы мен ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу және бірдейлендіру туралы кеңінен түсіндірді.

Малға сырға салу, таңбалау, чиптеу, малға ветеринарлық паспорт беру және малдың деректерін компьютерлік базаға енгізу жұмыстарының бірегей жүйесі, яғни бірдейлендіру арқылы олардың нақты есебін алу, дер кезінде мал дәрігерлік көмек көрсету, уақытында жұқпалы мал ауруларына қарсы егу, диагностикалық шаралар жүргізу жүзеге асырылатынын Т.Құрманғазиев айтып өтті. Сондай-ақ, аудан бойынша иесіз ит-мысықтарды аулау жұмыстары, оларды жою жайы айтылды.

Ал, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы К.Меңдіғалиева адамдарға малдардан жұғатын аса қауіпті аурулардың алдын алу және сақтану жолдарын түсіндірді. Бруцеллез ауруының алдын алу мақсатында малды жыл сайын тексерту талап етіледі. Малда бруцеллез анықталған жағдайда оның иелері де медициналық мекемелерде толық тексерістен өтуі қажет.

Жиын барысында тұрғындар атылған иттердің уақытында алынбайтындығын, және де әкімшілік тарапынан мал бағатын бақташыны ұйымдастырып берсе деген ұсыныстарын білдірді. Тұрғындардың талап-сұранысы бойынша мамандар кеңінен мағлұмат беріп, бақташы жөнінде алдағы уақытта шешімін табатындығына сенім білдірді.

А.ТАУМҰРЫНОВА,

Сурет автордікі.

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Сайт әкімшілігі

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Референдум

r

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика