Бағдарлама бизнеске жол ашады

(0 Votes)

"Нұр Отан" ғимаратында "Нұр Отан" партиясының ХVIII съезінде Елбасымен ұсынылған 2030 жылға дейінгі "Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты" атты бағдарламасын таныстыру мақсатында жас көшбасшылармен кездесу жиыны өтті.

Жиынға төрағалық еткен "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Ермағамбетов бағдарламада көзделген тапсырмаларды іске асыру аясында білім сапасын жоғарылату, әлеуметтік әлсіз топтарды қолдау, жастарға жағдай жасау мәселесін әр бағыт бойынша талқылады. Бағдарламаның негізгі мақсаттарын айтып, қосымша түсінік берді.

"Еліміздегі ең ірі саяси ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған съезде ҚР-ның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев "Нұр Отан" партиясының 2030 жылға дейінгі "Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты" атты жаңа бағдарламасын таныстырды. Аталған бағдарлама стратегиялық көзқарастың ауқымды көкжиегін ашады және қоғам мен мемлекеттің алдағы онжылдықтағы дамуының негізгі қырларын айқындайды. Бұл жобада Eлбасы әлеуметтік мәселелерге ерекше көңіл бөлді",- деп атап өтті Е.Ермағамбетов.

Толығырақ гаезтімізден оқи аласыздар 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521