Ауылды көркейтуге үлес қосамыз

(0 Votes)

Жыл басы – Наурыз мерекесін ерекше атап өткен ауылдың қатарында біздің үшінші ауыл да бар.

Мереке күні бастысы, ауылдың ауыз біршілігі мен ынтымағы екендігін танытқан мерекеде спорттық жарыстарға және балалардың өнеріне басымдық берілді.

Қай істе де ұйымшылдық пен бірліктің жоғары тұрып, ойлаған мақсатымызға жеткізеріне сендік.

Дегенмен, біздің қолымыздан келе бермейтін де жұмыстар бар екендігін мойындағымыз келеді. Ол біріншіден, ауыл арасындағы жол мәселесі. Көшелеріміз бар болғанымен, жолымыз нашар. Сондай-ақ, екі ауылдың ортасындағы алаңқай ешқандай абаттандырылмаған. Ол біздің балаларымыз үшін қиын болып отыр.

Көгалдандыруды да қолға алып, бір-бірімізге көмектесіп-ақ келеміз. Дегенмен, ана бір жылдары еккен көгімізді мал жеп, суғару қиындық туғызып, өспей қалды. Ауыл бір қалыпқа келсе, өзіміз де таза ұстауға жұмыстанар едік.

О.САЙЫНҚЫЗЫ,

Мақат кенті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521