«Жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей»

(0 Votes)

Қоғам дінсіз болмайды. Дінді адамсыз, адамды имансыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да, екеуі ұдайы бір-бірімен қарым-қатынаста болатыны белгілі.

Осы мәселеге орай өткен аптада аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Дін және қоғам» тақырыбымен кездесу кеші өтті.Оған аудандық мешіттің бас имамы Дәурен Құттыбаев, «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының теолог маманы Шүкіриддин Темірқұлұлы және аудан жастары қатысты.

Кездесуде мамандар тарапынан басқосудың мәні мен маңызы түсіндірілді. Қазіргі кезде әлем елдерінің көпшілігі зайырлы мемлекет болып табылады. Біздің мемлекетте де дін мәселесіне көңіл аударуда. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңда» Әбу-Ханифа бағытындағы ислам діні мен Православиялық христиан дінін халқымыздың рухани-мәдени дамуына үлес қосқан деп көрсетілген. Яғни дін мемлекеттен бөлектенгенмен, қоғамнан еш уақытта алыстатылмайды. Ислам дінінде дін мемлекеттен бөлек деген ұстаным жоқ. Қазақстанда жарқын діни жүйе қалыптасып келеді. Бір анық жайт, мемлекет еш уақытта дінге көз жұмып қарай алмайды. Өйткені, ел азаматтары – мемлекеттің басты құндылығы. Жас буынның бойына білім мен тәлім тәрбиемен қатар, діни тәрбие де берілуі керек. Ұлттық әдет-ғұрып сіңірілуі керек. Балабақша мен мектептен бастап осы нәрселерді санасына құйсақ, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйретсек, олар өзге діннің жетегінде кетпес еді.

Мемлекетті құрайтын жеке адам болса, жеке адамға ар-ұждан бостандығы берілуімен қатар, Исламда бассыздыққа жол берілмейді. Кез келген азамат өз қалауымен дінді ұстауға құқылы, бірақ мемлекет оны бақылауда ұстауға мүдделі.

Жастар да мәселеге бей-жай қарамай, сауалдарына жауап алды.

А.МАСАТҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521