Бүгін Доссор балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Мақат ауданның 100 жылдығы аясында асық ату және бес асықтан “Мақат сақасы - 2024” Батыс аймақтық турнирінің ашылу салтанаты өтті.
Турнир - ұлттық спорт түрін насихаттау, асық ату ойынының үздік ойыншыларын анықтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және нашақорлыққа жол бермеу мақсатында ұйымдастырылды.
Жарыстың ашылу салтанатында алдымен Мемлекеттік Әнұран орындалды.
Әрі қарай аудан әкімі Азамат Мәмбетов жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, бүгінде ауданда ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келе жатқандығын айтты.
Айта кетейік, Батыс аймақтық турнирге Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Құрманғазы, Мақат ауданынан келген спортшылар қатысып отыр.
Ә.Қасым