Бүгін аудандық жастар ресурстық орталығында аудандық мәслихаттың мерекелік сессия отырысы өтті.
Мерекелік сессия отырысына аудан әкімі А.Мәмбетов, облыстық мәслихаттың төрағасы М.Хайруллиев, облысқа қарасты аудандық мәслихаттардың төрағалары, Ақтөбе облысы Қобда, Мартук, Ойыл аудандарының мәслихат төрағалары және аудандық мәслихат депутаттары мен аудан активтері қатысты.
Сессия отырысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды.
Әрі қарай құттықтау сөз сөйлеген аудан басшысы Азамат Мәмбетов 30 жылдың ішінде аудандық мәслихат халықтың сеніміне ие болып, жергілікті билік пен тұрғындар арасындағы байланысты нығайтуға үлес қосқандығын айтып өтті.
Одан әрі облыстық, аудандық мәслихат төрағалары құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін жолдады.
Сонымен қатар, мерекелік сессия отырысында аудандық мәслихат төрағасы Азамат Шаңғалаев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды мәслихаттың 30 жылдық мерекелік медалімен марапаттады.
Ә.ҚАСЫМ