Облыстық Жастар театры ауданда

Балалық шаққа саяхат...
Сурет автордікі
(0 Votes)

Аптаның сейсенбі күні шымылдығын жаңа түрген Атырау Жастар театры киелі мұнайлы мекенге ат басын тіреп, сүйікті көрермендерімен сағыныса қауышты. 

Қойылымның басында аудан әкімі Азамат Мәмбетов алғы сөз сөйлеп, театр – халықтың рухани қазынасы, ұлт байлығы екендігін айтып, ұлттық мәдениетімізді өркендетіп жүрген жас театр ұжымына шығармашылық табыс тіледі.

Сондай-ақ облыстық Жастар театры ұжымына өз алғысын білдіріп, аудан әкімінің арнайы алғыс хатымен марапаттап, естелік сыйлық табыстады.

Әрмен қарай қалың көрермен асыға күткен қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» атты қойылымы көпшілік назарына ұсынылды. Ал қойылымның қоюшы режиссері Мұханғали Томанов.

Спекталь - қазақ баласының еркін бейнесін көрсетіп, өжет мінезді Қожаның қызықты іс-әрекеттері мен балалығы суреттеді.

Қойылым барысында басты кейіпкер Қожаның түрлі оқиғаларды бастан кешуін көрсетіп, достық пен мейірімділік, алғашқы махаббат сынды ұғымдарды көрсете білді.

Айта кетейік, спектакльде қожа рөлінде – Мәжит Бисенбек, Қожаның анасының рөлінде - Альбина Қалиева, ұстазы Майқанованың рөлінде – Нұрай Рахманова, Қожаның ғашығы Жанар рөлінде – Әйгерім Силықова, сотқар Жантас рөлінде - Жасұлан Қайров сынды кәсіби әртістер сомдап, қойылым жиналған жұрттың көңілінен шықты.

Сан күйге бөленген аудан тұрғындары қойылым соңында өз ризашылықтарын білдіріп, театр ұжымына алғыстарын білдірді.

Бұл ретте облыстық Атырау жастар театрының басшысы Әміржан Нұрланұлы алдағы уақытта көрермендерді жаңа қойылымдармен қуантуға уәде берді.

Ж.Қамза

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT