«АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТҚА 30 ЖЫЛ» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ АТАЛЫП ӨТТІ

«АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТҚА 30 ЖЫЛ» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ АТАЛЫП ӨТТІ
(0 Votes)

Аудандық мәдениет үйінде аудандық мәслихаттың 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. 

Шара шымылдығы Р.Ғабдиев атындағы «Халықтық» ұлт-аспаптар оркестрінің орындауындағы «Көңілашар», «Адай» күйлерімен ашылды.

Одан әрі аудандық мәслихаттың бүгіні мен кешегісінен сыр шертетін бейнеролик көрермен назарына ұсынылды.

Салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеген Азамат Мәмбетов мәслихаттың экономикалық, әлеуметтік мәселелерді шешудегі рөлі, саяси және қоғамдық келісімді қалыптастырудағы ықпалы зор екенін айтып өтті.

Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың 30 жылдық мерекесіне орай бірқатар аудандық мәслихат аппаратының зейнеткерлері мен депутаттарын «Мақат ауданына 100 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.

Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін байырғы аудандық мәслихат депуттаттарына Мақат ауданының “Құрметті азаматы” атағын табыстады.

Салтанатты шара соңы аудан көркем өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT