Жүргізушілердің көлік жүргізу тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын-алу және болдырмау мақсатында 9 қаңтар мен 13 қаңтар күндері аралығында аудан көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Профилактика аясында полицейлер күшейтілген режимде жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуын анықтауға және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік және алдын алу шараларын жүргізді.
Полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізу, төтенше жағдайды жасау, басып озу, жол қозғалысы, маневр, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдеріне, қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбауға және ұялы телефонмен сөйлесуге байланысты ережелерді анықтауға назар аударды.
Шара басталған үш күн ішінде аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторлары 49 жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты анықтады.
Атап айтсақ, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабы 5 тармағы бойынша - 3 әкімшілік хаттама, 591 бабы 1 тармағы бойынша - 7 әкімшілік хаттама, 593 бабы 2 тармағы бойынша - 8 әкімшілік хаттама, 600 бабы 1 тармағы бойынша - 1 әкімшілік хаттама, 612 бабы 2 тармағы бойынша (көлік құралын жүргізуші куәлігі жоқ күйде басқарған) - 2 әкімшілік хаттама, 615 бабы 1 тармағы бойынша (жаяу жүргіншілер тыс жерден өткен) - 26 әкімшілік хаттама, 230 бабы 2 тармағы бойынша (міндетті сақтандыру полюсі жоқ күйде басқарған үшін) - 2 әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ 2 автокөлік тұраққа қойылды.
Аталған шара аясында аудан полицейлері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттілігін ескертеді.
Өз тілшіміз