Ауданда “Жыл үздігі-2021” анықталды

(0 Votes)

Аудандық мәдениет үйінде «Жыл үздігі-2021» шарасы өтіп, аудандағы әр салада белсенді еңбек етіп, жетістіктермен үздік нәтиже көрсеткен қызметкерлер құрметке бөленді. Шара ауданның экономикалық-әлеуметтік, рухани дамуына үлесін қосып, елдің тыныс-тіршілігіне көмегін тигізіп жүрген азаматтардың еңбегін бағалап, мерейлерін өсіруді мақсат етті. Жиын барысында, аудан әкімі Шәкір Кейкин құттықтау сөз сөйлеп, үздіктерге статуэтка және арнайы марапат қағазын табыс етті.


Өз саласында толағай табысқа қол жеткізген үздіктер ауданның әлеуметтік-экономикалық қорытындысымен 18 аталым бойынша марапатталды.


«Үздік мемлекеттік қызметкер» аталымымен аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің басшысы Аида Айбекқызы, «Үздік мұғалім» Х.Санбаев атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Нурия Валитқызы, «Үздік дәрігер» бірінші дәрежелі фтизиатор дәрігер Анар Кенжебекқызы, «Үздік мұнашы» Доссормұнайгаз Өндіру басқармасының қызметкері Сергей Абуұлы, «Үздік теміржолшы» 6 сатылы дизель жөндеушісі Жұмабай Мақсотұлы, «Үздік газ тасымалдау саласының қызметкері» Мақат ЖӨБ ЭХҚ қызметінің жерасты құбырларын тоттанудан қорғау монтері Мұрат Ізбайұлы, «Үздік кітапханашы» аудандық орталық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Алмаш Сатыбалдықызы, «Үздік су шаруашылығының қызметкері» «Атырау Су Арнасы» аудандық бөлімшесінің желіні-тексеруші маманы Қайролла Бағытжанұлы, «Үздік энергетика саласының қызметкері» «Атырау Жарық» акционерлік қоғамының аудандық электр жүйелері электрогаз дәнекерлеушісі Рафаэль Анатолийұлы, «Үздік құқық қорғау саласының қызметкері» аудандық полиция бөлімінің бөлім бастығы, полиция аға лейтенанты Асылбек Арыстанұлы, «Үздік БАҚ қызметкері» «Мақат тынысы» газетінің беттеуші маманы Гүлжанар Жансұлтанқызы, «Үздік мәдениет қызметкері» аудандық мәдениет үйінің дыбыс режиссері Бекзат Ыбраймұлы, «Үздік кәсіпкер» АТБинвест ЖШС-нің директоры Нұржан Боранбайұлы, «Үздік әлеуметтік қызметкер» аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметкері Эльмира Ораққызы, «Үздік спорт саласының қызметкері» Доссор балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Азамат Серікұлы, «Үздік халыққа қызмет көрсетуші қызметкер» халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері Толқын Тұрланбекқызы, «Үздік газ шаруашылығының қызметкері» Мақат газ шаруашылығының темір шебері Амандық Сәлімгерейұлы, «Үздік белсенді жас» балалар және жасөспірімдер дене тәрбиесі даярлық клубының әдіскері Аяжан Әнуарбекқызы марапатталды.

596599b5-efc0-40a5-a48e-3843e8e28fcc


Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасып, жергілікті өнерпаздар қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Л.Шахатов атындағы орта мектебінің ұстазы Айжан Жұматова Ә.Еспаевтың «Ұстазым», Раушан Әлиева «Жайнай бер жастар жаңаша» әндерін орындаса, Мақат балалар өнер мектебінің оқытушылары Ернар Бекболат пен Ерасыл Мұсаев халық композиторларының күйлерін паш етті. Сондай-ақ, «Шаттық» үлгілі би ансамблі «Моно», Алсу Жылқыбай «Еркесылқым» биімен өнер көрсетсе, мәдениет саласынан «Жыл үздігі-2021» атанған Бекзат Мұханбетжанов Қ.Көбентайдың «Өнер адамы» әнін шырқап, халықтың ерекше қошеметіне бөленді.

Ә.Қасым
Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521