"Берсең балаға бер" деп айтатын дана халқымыз, өрендерімізге өзгеше қамқорлық танытуды қашан да алдыңғы қатарға қойған. Айтулы мерекеміз бен жаңа жыл қарсаңында NCOC компаниясы мен "Доссор-Сервиз" ЖШС-і аудандағы 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 200 балаға демеушілік танытты.
Балаларға мерекелік тәттілерден бөлек арнайы 10 мың теңгенің сертификаты табысталды. Бұл сертификат арқылы балалар "Детский мир" сауда нүктесінен өзіне қажетті дүниелерді тегін ала алады.
Бұған дейінде атымтай жомарттығымен аты шыққан алпауыт компаниялардың әлі де қайырымдылық шаралардың бел ортасынан табылатынына нық сенімдіміз.
А.САДЫҚОВ