Өмірге келді егіздер

(0 Votes)

Жаңа жыл қарсаңында ауданымызда егіз ұлдар дүниеге келді. Шаңырақтары шаттыққа бөленіп, өрістері кеңейген Бисембаевтар әулетіндегі қос қуанышқа бізде куә болдық.
«Бұл жаңалықты естігенде таң қалып қуандық, бір жағынан қорқынышта болды. Негізінде, егіздер нағашы жағымда бар. Бірақ, бәрі де Алланың құдіреті» - дейді егіздердің анасы. Бүгінгі таңда үш баланың анасы атанған Марина Айбарқызы 1999 жылы Құрманғазы ауданында дүниеге келген. Жолдасы – Тілек Мұқатов Мақат кентінің тұрғыны. Көлік жүргізушісі болып қызмет етеді. Тұңғыш ұлдарының есімі – Расул.


20 желтоқсанда дүниеге келген ұлдардың салмағы 2,6 кг және 3,2 кг болыпты. Сондай-ақ, егіздерге Жанарыс және Бекарыс деген есім берген. Қазір, жас ана мен балалардың жағдайы жақсы.


Дәрігер Гүлдана Ізтілеуованың айтуынша, жыл басынан бері ауданымызда 230 бала дүниеге келген. «Ауданға келіп жұмыс жасағаныма төрт жыл болды. Қызмет барысымда егіз жүктілікпен түскен ана менде бірінші рет болып тұр. Бірақ, бәрі ойдағыдай жақсы өтті», - дейді дәрігер. Сонымен қатар, бүлдіршіндерге бақытты балалық шақ тілеп, жылы лебізін білдірді.
«Әр баланың өз несібесі мен ырзығы бар», «Бала өз нәпақасын өзі ала туады» - деп халқымыз бекер айтпаған. Ендеше, шаңырақтарыңыз сәбидің күлкісімен толып, қуанышты жаңалықтарыңыз көп болсын дейміз.

Ә.Қасым

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT