Ауданда «Жолда қабылдау» акциясы өтті

Ауданда «Жолда қабылдау» акциясы өтті
(0 Votes)

 Ауданда шілде айының 19-20 аралығында тұрғындарға құқық бұзушылықтың профилактикасына, сондай-ақ қоғамдық және жол қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мәселесі бойынша тұрғындарды ақпараттандыруға және құқықтық білімдерін жетілдіруге, қоғамда ұсақ бұзушылықтарды жасауға "мүлдем төзбеушілік" қағидасын қалыптастыру, көші-қон заңнамасын түсіндіру мақсатында республикалық "Жолда қабылдау" акциясы өтті.

Акция аясында аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Дулат Садықов, аудандық полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары, полиция капитаны Бағытжан Әбділдиев, аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Қалыбек Джумағалиев, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің аға инспекторы, полиция капитаны Әділбек Мұлхайдаров және аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиця бөлімшесінің азаматтық және қызметтік қару бақылау тобының аға инспекторы, полиция капитаны Данияр Хасановтан құралған құзырлы құрылым өкілдері тұрғындар сауалына сәйкес жауап берді.

Сонымен қатар, акция барысында көші-қон заңнамасы, айыппұлдар, көлік құралын қайта жабдықтау, жол көлік оқиғасы, жол қауіпсіздігі бойынша мәселелер қаралып, заң аясында түсінік жұмыстары жүргізілді.

Аталмыш акция Мақат кенті С.Мұқашев көшесінде орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығында және Доссор кенті М.Өтемісұлы көшесіндегі ветеринария ғимаратының тұсында өтті.

Айта кетейік, екі күнге жалғасқан республикалық "Жолда қабылдау" акциясында 14 азамат құқықтық кеңес алды.

Б.Қасымова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT