Ауданда автокөліксіз күн челленджі өтті

Ауданда автокөліксіз күн челленджі өтті
(0 Votes)

 22 шілде күні ауданда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Автокөліксіз күн» челленджі ұйымдастырылды. 

Аталмыш челлендж ауданымызда да кең көлемде сипат алды.

Акцияның жалпы мақсаты – жеке көліксіз жүріп, ауаның ластануы мен улы газдардың бөлінуін азайтуға күш қосу болды. Яғни тұрғындар діттеген жеріне бару үшін жаяу жүріп немесе велосипед пен самокат сынды ауаны ластамайтын көлік түрлерін пайдаланды.

Челленджге Бәйгетөбе ауылдық округының әкімі Кенжебек Махмұтұлы, блогер Айкүріш Серікқызы және белсенді тұрғындар қатысты.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Автокөліксіз бір күн» челленджі биыл үшінші жыл қатарынан өткізілуде.

Ж.ҚАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT