«Спорт – нашақорлыққа қарсы»

«Спорт – нашақорлыққа қарсы»
(0 Votes)

 Аталған тақырыпта аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен ерлер арасында кіші аяқ доптан турнир өтті.

ҚР Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында өткізілген ойынға барлығы 12 команда қатысып, тартысты ойын көрсете білді.

Қорытынды есеп бойынша қарсыластарынан оқ бойы оза шапқан мақаттық «Құрдастар» командасы чемпион атанса, Доссорлық «Жамағат» командасы ІІ орынды, ал «+35» командасы ІІІ орынға жайғасты.

Шара барысында үздік ойын көрсете білген Руслан Бисенбаев «Үздік қақпашы», Мирас Сәлімгереев «Үздік қорғаушы», Дінмұхаммед Сұлтанғалиев «Үздік ойыншы», Дастан Анесов «Үздік сүрмерген», Мансұр Жұман «Үздік жас ойыншы» атағын иеленді.

Ойын соңында аудандық полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Т.Азбергенов және аудандық полиция бөлімі, криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Е.Беріков ойынға қатысушыларға синтетикалық есірткінің қауіптілігін айтып, одан қорған болуды басты назарда ұстауға шақырды.

Сондай-ақ, қатысушы командаларды арнайы алғыс хатпен марапаттап, кубок және медальдар табыс етті.

Ботакөз Асхатқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521