Ауданда «Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік» акциясы өтуде

фото: inbusiness.kz
(0 Votes)

 22-31 мамыр аралығында Атырау облысы көлемінде «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шара кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі жедел уәкілдері құқыққа қарсы бағыттағы жастар топтарының көшбасшыларын анықтау, оларға жедел бақылау жүргізу және жастар жиналатын орындарды пысықтау, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс болу, олардың алкогольдік ішімдіктерді тұтыну және пышақтау-кесу заттарын кию фактілерінің жолын кесу бойынша бағдарлауды мақсат етеді.

Осы мақсатта ата-аналардың бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін заңнама нормалары мен жауапкершілігін түсіндіру мақсатында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы уақтылы өткізіліп жүр.

Одан бөлек, кәмелетке толмағандар арасында қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында рейдтік шаралар ұйымдастырылуда.

Сондай-ақ, жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде Мақат кентіндегі және Бәйгетөбе ауылдық округіндегі жоғары сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

"МТ"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT