Ауданда зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары өтті

(0 Votes)

23 мамыр күні аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызмет бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобынын инспектор полиция капитаны Кәмшат Серікбаева Мақат кенті және Байгетөбе ауылдық округіндегі мектептердегі нәзік жанды қызметкерлер мен ұстаздарға кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының заң талаптарындағы толықтырулармен өзгертулерді түсіндіріп, профилактикалық әңгімелер жүргізді.

Сондай-ақ, маман өзіңізге немесе өзге тұлғалардың өміріне қауіп төнгенін көрсеңіз полиция бөліміне, 102 жүйесіне немесе сенім телефонына хабарласуыңызға керектігін ескертті.

Айта кетейік, Байгетөбе ауылдық округінде аудан тұрғындарына зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында немесе құқықтық кеңестер алуға және барар жері болмаған жәбірленушілерге Атырау облысында орналасқан дағдарыс орталығы бойынша толық ақпарат көрсетілген билборт ілінген.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT