Ауданда 18 наурыз - Ұлттық киім күніне орай “Ұлттық киім - ұлттың қазынасы” атты мерекелік шеру ұйымдастырылды.
Аталмыш шерудің мақсаты - ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау арқылы оны жаңғырту болып табылды.
Шеруге аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары бастамашыл болып, аудандағы 45-ке жуық мекеме мен дербес бөлімдер және аудан тұрғындары бір кісідей атсалысты.
Шеруге қатысушылар вокзал маңынан орталық алаңға дейін ұлттық нақыштағы киіммен мерекелік көңіл-күйде жүріп өтті.
Шеруден кейін аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасы көрермен назарына ұсынылып, аудан әкімі Азамат Саматұлы жиналған көпшілікті Ұлттық киім күнімен құттықтады.
Наурызнама 10 күндігі аясындағы Ұлттық киім шеруіне барлығы 1500-ге жуық тұрғын қатысты.
Ә.ҚАСЫМ
Суреттер автордікі