АУДАНДА АМАЛ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

АУДАНДА АМАЛ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ
(0 Votes)

 Бүгін 14 наурыз – Көрісу күніне орай аудандағы «Болашақ» аллеясында «Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу» атты мәдени-көпшілік шара өтіп, жиналған жұрт бір-бірімен қол алысып, қуана көрісті.

Мерекелік шарада аудан әкімі Азамат Мәмбетов ауыл ақсақалдары мен шараға жиналған көпшілікпен көрісіп, Наурыз мерекесінің бастауы – Көрісу күнімен құттықтады.

Амал мерекесінде ақшаңқай киіз үйлер тігіліп, халқымыздың салт-дәстүріне негізделген көріністер мен концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды.

Сондай-ақ, аудан өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйласа, қазақы нақышта киінген аудан халқы ұлттық тағамдардан әзірленген дастарханнан дәм татып, бір-біріне ақ жарма тілектерін айтты.

Ә.ҚАСЫМ

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT