Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Азамат Мәмбетов “Мақат” командасының аяқдопшыларын қабылдады.
Алдымен аудан әкімі Азамат Саматұлы аудан мерейін үстем етіп жүрген аяқдопшылардың толағай жетістіктерін тілге тиек етіп, алдағы Астана қаласында өтетін чемпионат ойындарына сәттілік тіледі.
Өз кезегінде чемпионатқа қатысатын команда мүшелері де ризашылығын білдіріп, тартысты ойын көрсетуге уәде берді.
Айта кетейік, аяқдопшыларымыз бақ сынайтын чемпионат 21-25 наурыз күндері тікелей эфир арқылы көрсетілетін болады.
Ал “Мақат” командасының алғашқы ойындағы қарсыласы павлодардықтар болады деп көзделуде.
Ж.ҚАМЗА