Ауданда 1-30 қараша аралығында «Сіздің учаскелік полицей!» атты республикалық акция өтеді.
Акцияның мақсаты – халықтың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру, учаскелік полиция инспекторлары мен әкімшілік учаскелерде тұратын азаматтар арасында әріптестік қатынастарды құру және дамыту, олардың қызметінің тиімділігін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Іс-шара кезінде учаскелік полиция инспекторлары пәтерлер мен аулаларды аралап, сол аумақта тұратын азаматтармен жолығады. Бұқара жұрт кездесуде өздерін мазалайтын сұрақтарын қоя алады.
«МТ»