Ұлағатты отбасы - ұлт құндылығы

Ұлағатты отбасы - ұлт құндылығы
(0 Votes)

Бүгін отбасын қолдау орталығында 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай «Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге қатысқан аудан әкімінің міндетін атқарушы Әсел Шайзадақызы өңірдегі мерейлі отбасыларды көпшілікке таныстырып, атаулы мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ, кездесуде ауданымыздағы көпке үлгілі жанұялар отбасы құндылықтарын дәріптеудің маңыздылығы, ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және еңбек адамының қоғамдағы орны жөнінде өмірлік тәжірбиелерімен бөлісті.

Жалпы кездесу барысында ұлттық тәрбие мен отбасы құндылықтарын сақтаудың өзектілігі сөз болып, жаңадан шаңырақ көтерген жас отбасыларға ақыл-кеңестер берілді.

Шара соңында мерейлі отбасыларға аудан әкімінің  міндетін атқарушы Әсел Шайзадақызының арнайы алғыс хаты мен естелік сыйлықтары табысталды.

Ж.Қамза

Сурет автордікі

 

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT