Ауданда қанатты қызға арналған көрме өтті

(0 Votes)
Фото: аудандық мәдениет үйінің фб желісінен алынды

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 28-29 қараша күндері аудандық мәдениет үйінде Халық Қаһарманы, ұшқыш-штурман Хиуаз Доспанованың туғанына биыл 100 жыл толуына орай «Есімі аңызға айналған қазақтың батыр қызы» атты көшпелі көрме өтті.

Көрменің ашылуына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Азамат Шаңғалаев тағылымды шараның өтуіне ұйытқы болған шығармашылық ұжымға аудан әкімі атынан алғысын білдірді.

776utygh5

Сондай-ақ көрмеге қызығушылық танытқандар қатарында Мақат кентінің әкімі Ербол Ермағамбетов, Доссор кентінің әкімі Болат Ермеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Естай Мақсотов, аудандық білім бөлімінің басшысы Айбол Долдашев, ардагерлер және ұстаздар мен оқушылар болды.

7609jghuth

Екінші дүниежүзілік соғыста қаһармандығымен көзге түскен, 46 гвардиялық Таман әуе полкінің сапында неміс басқыншыларына аяусыз соққы берген даңқты Хиуаз Доспанованың мерейтойына арналған тағылымды көрмеге тоқсанға жуық экспонат қойылды.

ifhufyfhfgft6

Онда батырдың фотосуреттері, өңір белгілері, пистолет кабурасы, штурман құралдары, орамал, қолғап, көзілдірік, бокал, әмияндары, сувенирлермен қатар өңірден шыққан Кеңес Одағының батырлары Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Қайырғали Сымағұлов, Мұқат Мусаев, Александр Афанасьев және басқа да майдангерлердің қолданған мүліктері, патефон, жиналмалы сапер күрегі, дүрбі, патронташ, әскери термос, жүн қолбақ, әскери кателок, майданнан жазылған хаттар, әскери киімдер және басқа да жәдігерлер қойылды.

Көрменің ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыстық тарихи-өлкетану музейінің бас қор сақтаушысы Бақтыгүл Хасанова:

urytfbvnv76vn

 – Қазақтың батыр ұшқыш қызына арналған көшпелі көрме елордамыз Астана қаласынан бастау алып, Алматы, Ақтөбе, Орал қалаларында ұйымдастырылды. Қазіргі таңда Атырау облысына қарасты барлық аудандарда өтуде. Алғаш бастауын батырдың туған өлкесі Құрманғазы ауданынан бастап, алтыншы аудан Мақат ауданына табан тіредік. Кейін жылыойлықтарға батырдың көшпелі көрмесін ұсынып, жұмысымызды аяқтаймыз. Аталмыш көрмені жасақтау барысында 2006 жылы Алматы қаласына арнайы барған музей қызметкерлері Хиуаз апамызбен жолығып, сұхбаттасқан болатын. Көрмеге сол кезде батыр апамыз берген өзінің жеке тұтынған бұйымдары қойылды. Бұл бұйымдар көрмедегі құнды жәдігерлердің бірі. Осындай ел мен жер тағдыры екі талай күйге түскенде ер-азаматтармен бірге қолына қару алып, ұрыс даласында атой салған қазақтың батыр қыздарының көп болғаны тарихымыздан белгілі. Соның  ішінен жерлесіміз атақты ұшқыш Хиуа Доспанова сияқты батыр қыздарымызды келешек жас ұрпаққа дәріптеу, насихаттау бен біз бен сіздің міндетіміз. Осы ретте көрмені өткізуге қолдау көрсеткен аудан әкімдігіне ризашылығымызды білдіреміз, - деді.

654653-09f

            Сондай-ақ шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов сөз сөйлеп, өтіп жатқан шараның мәні мен маңызына тоқталды.

 

–  Кешегі  1941-1945 жылдар аралығындағы  болған қанды соғыс әрқайсымыздың шаңырағымызға қатты әсер етті десек артық айтқаным емес. Соның ішінде өзіміздің жерлесіміз Хиуаз Доспанова ерен ерлік көрсетіп, жеңісті жақындатуға өз үлесін қосты. Көрмеден Хиуаз анамыздың өмірінен, еңбегінен, пайдаланған заттарын көріп отырмыз. Жеңіс тарихында екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан үш батыр қыздың есімі өшпес қайсарлығымен мәңгілікке жазылып қалған. Бұның барлығы жастарға патриоттық сезімді оята отырып, тарихты кеңінен білуге өнеге екені даусыз, – деген ардагер жастарға көрмеге, музейге барып, ата-бабаларының өткен ерлік жолдарын толыққанды біліп жүрулері қажеттігін айтты.

yertd5d5d6db

Екі күнге созылған көшпелі көрмені тамашалаушылар қатары көп болды. Олар еркін аралап, көрмеге қойылған жәдігерлермен танысты. Ал тамашалаушыларға облыстық тарихи-өлкетану музейінің өкілдері Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова туралы кеңірек түсінік берді. Осы тектес көрмелерді өткізу келешек ұрпаққа, өткен тарихты жеткізу жолында мәні аса зор екені сөзсіз.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521