Жастар қатерлі дертке қарсы шараға қатысты

(0 Votes)
Фото: Аудандық мәдениет үйінің фейсбук парақшасынан алынды

Аудандық Жастар ресурстық орталығының ғимаратында аудандық мәдениет үйі мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 1-желтоқсан Халықаралық СПИД-ке қарсы күрес күніне орай «СПИД-тен сақ болайық!» атты шара өтті.

Алдымен аудандық орталық емхананың ВИЧ-ке жауапты маманы Дәметкен Тұрмағанбетова аудан жастарына аталған аурудың алдын алу бойынша өз кеңесін айтып кетті.

448cde47-5187-464c-9715-6e686abaf699

Шара одан әрі аудан жастарының зияткерлік ойынымен жалғасты. Зияткерлік ойын барысында қатысушылар «МақалBatll», «ЖұмбақStrike» және «МимикаFest» атты кезеңдер бойынша білімдері мен тапқырлықтарын сынады.

06b585a6-1447-47ad-8fe9-a171c2427361

60e69adc-311b-40a8-b400-0de62403a0a5

eaf207c9-c79e-4d94-8d53-9703f2a38efc

Ойынға «Жеңіс» пен «Денсаулық» топтары қатынасты. Қазылар алқасының сараптауы бойынша «Жеңіс» командасы Алғыс хатқа ие болса, «Денсаулық» тобы жеңімпаз атанды.

dd7e8dc2-6b08-4dea-88ba-629a518fddea

Шара соңында аудандық мәдениет үйінің басшысы Кенжебике Төлебаева барша аудан жастарына, орталық емхананың жауапты маманы Дәметкен Тұрмағанбетоваға өз алғысын білдіріп, зияткерлік ойын жеңімпаздары мен  жүлдегерлерін және «Үздік ойыншы» атанған Аяжан Өтепқалиеваны арнайы дипломдармен марапаттады.

                            МТ

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521