Бүгін Мұса Баймұханов атындағы орта мектепте “Ерлік пен тағзым” атты облыстық ғылыми конференция өтті.
Конференцияға аудан әкімнің орынбасары Әсел Қаржауова, аудандық мәслихат төрағасы, аудан прокуроры, аудандық қорғаныс істері бөлімінің басшысы, ардагерлер мен шара қонақтары қатысты.
Шара барысында алдымен соғыс жылдарындағы Мұсаның батырлығы суреттелген қойылымдар көпшілік назарына ұсынылды.
Әрі қарай конференцияда тарих ғылымдарының докторы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры Лесқали Бердіғожин мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Серік Орынғалиұлы “Кеңес Одағының батыры М.Баймұхановтың ерлік пен қаһармандық тұлғасы” және “Мақат ауданы еңбеккерлері Ұлы Отан соғысы жылдарында тақырыбында” баяндама жасап, соғыс жылдарындағы батырлық пен тылдағы еңбек туралы тарихи деректермен бөлісті.
Ә.ҚАСЫМ