Ауданда кәріздік тазарту жүйесі іске қосылды (+ВИДЕО)

(0 Votes)

Мақат кентінде тәулігіне 3200 текше метр ағынды су тазартатын кәріздік тазарту жүйесі іске қосылды.

Құрылыс жұмысы 2018 жылдың наурыз айында басталған болатын. Нысанның мердігер компаниясы «Бекболатовтар құрылыс компаниясы» АҚ-ы.

kariz-su-2

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Шәкір Кейкин мұндай кешен облыс көлемінде алғаш рет іске қосылып отырғанын жеткізді. «Тұрғындар тарапынан лас судың кесірінен жағымсыз иіске қатысты түсетін арыз-шағымдар енді болмайтынына көзіміз жетіп отыр. Осындай экологиялық бағытта тазарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Бұл нысан тек Мақат кентінің емес, алдағы уақытта Доссор кентінен де келетін лас суларды тазартуға жоспарлап отырмыз.

Бұл ғимараттың құрылыс жұмыстарының уақытында бітуі облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың қатаң бақылауында тұрған болатын. Бүгін, міне, халық игілігіне тапсырылып жатыр»,-  аудан басшысы Ш.Кейкин.

Сондай-ақ, ашылу салтанатына қатысқан облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы Нұрлыбек Сакпаров бұл жобаның іске қосылуы экологиялық ахуал мен ауаның тазаруына мол септігін тигізетінін тілге тиек етті. «Осы тектес жоба бүгінгі күні Индербор кентінде жүзеге асырылып, кәріздік құбырлар мен сорғы стансалары пайдалануға берілуде. Сондай-ақ, Аққыстау кентінде өнімділігі тәулігіне 2300 текше метр кәріздік-тазарту ғимаратының, ауылішілік кәріз құбырлары және сорғы стансаларының құрылысы жүргізілуде»,- деді ол.

kariz-su-3

Кейін ғимараттың көк лентасын аудан әкімі Шәкір Кейкин және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов қиып, нысанның жұмысымен танысты.

kariz-su-5

Ғимараттың құрылыс жұмыстарына 3 млрд 734 млн теңге көлемінде қаражат бөлінген. Кешенде бас кәріз стансасы алаңы, су тазарту қондырғысы, биологиялық тоған және булану алаңы бар.

kariz-su-4

Бұл кешеннен өндірілетін техникалық су ауданның көгалдандыру бағытына пайдаланылатын болады.

kariz-su-6

Мұнда қызмет ету үшін жиырмаға жуық жұмыссыз жұмыспен қамтылмақ.

    

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордан

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521