Жолдау – жай ғана ресми құжат емес, бұл – ел тағдырына бағыт-бағдар беретін терең мазмұнды үндеу.
Президенттің әрбір сөзі халқымызды жаңа биіктерге жетелейтін темірқазық тәрізді. Биылғы Жолдау – ел еңсесін тіктеп, экономика мен руханиятты қатар дамытатын маңызды бастамаларға толы. Әділетті қоғам орнату, жастарға жол ашу, ауылды түлету секілді нақты қадамдар – болашаққа деген сенімді нығайта түседі. Бұл үндеу бізге ой салды, серпін берді. Ендігі міндет – сол ойды нақты іске айналдыру. Жолдаудың шынайы құндылығы – әр азаматтың өз орнында адал еңбек етіп, ортақ мүдде үшін аянбай тер төккен сәтінде ашылады.
Сәбит Халенов,
ардагер