Атырауда республикалық ақындар айтысы өтуде

(0 Votes)

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында Ж.Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты республикалық ақындар айтысы өтуде.

 

Жыр додасына әр түпкірден келген 12 ақын қатысуда. Атап айтсақ, Мұхтар Ниязов, Жансая Мусина, Байсүгіров Нұрмұхамед, Серікбол Панабердиев, Иран-Ғайып Күзембаев, Бейбіт Байжігіт, Ақбота Манарбекова, Абзал Қабдраш, Аруна Керімбек, Батыржан Кәдірбай, Аян Ниязбек, Жәнібек Садыров сынды айтыскер ақындар қазақтың сөз өнерін ұлықтап, Нәжімеденовтің шығармашылығын жырға қосты.

 

Сахна төріне шыққан айтыскер ақындар өз өңірінің абыройын қорғап, ел мен жер туралы толғады. Арасында өңірдің мәселесін де қозғаған ақындар болды.

 

Жыр додасы көрермен көңілінен шығуда. Айтыскер ақындар ұлттық құндылықтар, адамгершілік пен ел бірлігі сияқты өзекті тақырыптарды қозғады. Зал көрерменге лық толып, думанды додаға ерекше рух берді.

 

Айта кетейік, ақынның 90 жылдығына орай оның шығармашылығын насихаттау мақсатында өңірде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Бүгін бұл шаралар республикалық ақындар айтысымен қорытындыланбақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT