«2024-2028 жылдарға арналған қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына» сәйкес "102" арнасы арқылы келіп түскен құқық бұзушылық туралы сигналдар бойынша ойынсауық мекемелерінің қауіпсіздік деңгейін бағалау критерийлері (рейтингі) бекітілді.
Осыған байланысты "Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында Атырау облысы полиция департаменті облыстың ойын - сауық орындарынан келіп түсетін құқық бұзушылықтар туралы өтініштерге талдау жүргізді.
Талдау нәтижесі бойынша хабарламалардың басым бөлігі мына ойын - сауық орындарынан келіп түскені анықталды: "Флория" кафесі - 39 шақыру, "Айжан" мейрамханасы - 30 қоңырау, "Нота" кафесі -24 шақыру, "Janym Soul" караокесі -13, "Bonds" караокесі -12, "Сафари" кафесі -11, "Хазар" мейрамханасы -10 қоңырау, "Аспава" кафесі -10, Берлога -10, "7 бочек" кафесіне-10.