Президент Жолдауында жаһандық өзгерістер аясында сирек кездесетін металдардың стратегиялық маңызы артып келе жатқаны атап өтілді.
Бұл ресурстар — жасанды интеллект, ғарыш, электроника және «жасыл» энергетика сияқты жоғары технологиялы салалардың негізі. Қазақстан осындай қазба байлықтарға бай ел ретінде бұл мүмкіндікті ұтымды пайдалана білуі тиіс. Шикізатты сыртқа жөнелтумен шектелмей, оны өңдеп, қосылған құны жоғары өнім өндіру — негізгі басымдық болуы қажет. Бұл қадам жаңа инвестициялар тартуға, заманауи өндіріс орындарын ашуға, мамандарды даярлап, экономиканы әртараптандыруға жол ашады. Ең бастысы — елімізді жоғары технологиялар орталығына айналдыру арқылы халықаралық аренадағы орнымызды бекемдей түсеміз.
Қабылхан Омаров,
аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі