Бүгін ауданда ерекше форматтағы шара – «Әйелдің биік шыңында, қажырлы еңбек ізі бар” атты аудандық әйелдер форумы өтті.
Форум аясында қатысушылар арасындағы ашық пікір алмасу өрбіді.
Шара барысында отбасындағы үйлесімділік, бала тәрбиесі, жұмыс пен отбасы арасындағы тепе-теңдік сынды маңызды тақырыптар қозғалды.
Сонымен қатар, әйелдердің еңбек нарығындағы белсенділігі, олардың өзін-өзі дамытудағы мүмкіндіктері де кеңінен сөз болды.
Форумның басты ерекшелігі – ашық диалогқа құрылғаны. Қатысушылар көкейдегі сауалдарын ортаға салып, өзара пікір алмасты.
Мұндай мазмұнды кездесулер әйелдердің қоғамдағы орнын арттырып қана қоймай, өзара ынтымақтастықты нығайтуға да ықпал етеді.
Форум соңында аудан әкімінің орынбасары Әсел Шайзадақызы қатысушыларға алғысын білдіріп, осындай кездесулердің жиі өткізіліп тұруына тілектестік білдірді.
Ж.Қамза
Сурет автордікі