АУДАНДА МҰСА БАЙМҰХАНОВҚА АРНАЛҒАН МУЗЕЙ-КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

АУДАНДА МҰСА БАЙМҰХАНОВҚА АРНАЛҒАН МУЗЕЙ-КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ
сурет: автордікі
(0 Votes)

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында Кеңес Одағының батыры Мұса Баймұхановтың 115 жылдығына арналған мәдени көпшілік іс-шара өтті.

Шара барысы Мұса Баймұханов атындағы орта мектепте басталды.

Алдымен шараға қатысушы аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауова, аудандық мәслихат төрағасы, аудан прокуроры мен дербес бөлім басшылары мен шараның арнайы қонақтары мектеп оқушыларының батырға арнап дайындаған көрмесін тамашалады.

Одан әрі Мұса Баймұхановқа арналған мектеп музейінің ашылу салтанаты өтіп, музей кабинетінің лентасын қию рәсімі аудан әкімінің орынбасары Әсел Шайзадақызы мен ауданның Құрметті азаматы Қуат Мыңтұрғановқа жолданды.

Аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауова өз сөзінде музейдің ашылуы — батырдың есімін ұлықтау, оның жауынгерлік жолын кейінгі ұрпаққа таныту мақсатында қолға алынған маңызды қадам екендігін жеткізді.

Музейде батыр бабамыз Мұса Баймұхановтың құжаттары, қолданған заттары көрсетіліп, өміржолы туралы деректер таныстырылды.

Әрі қарай шара қонақтары құттықтау сөз сөйлеп, батырдың ерлігін айтып, оның ұрпаққа қалдырған мұрасын дәріптеудің маңыздылығын атап өтті.

Ә.ҚАСЫМ

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT