Еліміздің кадрлық әлеуетін арттыру маңызды

Еліміздің кадрлық әлеуетін арттыру маңызды
(0 Votes)

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды екендігін ерекше атап өткен болатын.

Расыменде қоғамға қажетті білікті маман даярлау күн тәртібінде тұрған мәселе.

Қай салада болмасын кадр жетіспеушілігі бар екендігі де рас.

Мықты маман болу үшін іргетастың берік болуы маңызды. Яғни Мемлекет басшысы айтқандай, еліміздің кадрлық әлеуетін арттыру ісінде орта білім беру жүйесі негізгі рөл атқарады. Сондықтан біз еліміздің кадрлық әлеует арттырғымыз келсе, орта мектептердегі білім беру жүйесінен бастауымыз керек.

Білім беру – жауапты іс болғандықтан, ұстаздар қауымына қойылатын талап пен міндет те ұшан теңіз. Қанша жерден заманауи білім беру бағдарламалары, озық елдің тәжірибелерін қолдану болса да, ұстаз білікті болмаса оның бәрі құр әурешілік сынды. Осыларды ескере келе, кадр әлеуетін көтеруді ұстаздан бастау керекпіз дегім келеді. Егер де мұғалімдер білікті болса, болашақ мамандар кез келген салада табысты еңбек ете алады деп ойлаймын.

Еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру үшін негізгі білім беруден басталғандықтан Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырысымен «Жайлы мектеп» жобасы да іске асуда. Бұл жоба заман талабына сай озық технологиямен жабдықталған мектептердің бой көтеруіне жол ашып, білім алушыға мол мүмкіндік сыйлары анық.

Одан бөлек, мұғалім мамандығының беделін арттырып, аталмыш салаға тек білікті мамандардың жұмысқа орналасуын назардан шығармауымыз керек. Сондай-ақ білім мен білік дағдыларын үздіксіз жетілдіру үшін мұғалімдерге үнемі білікті арттыру курстарынан өтіп тұруға мүмкіндік жасала беруі керек.

Осылайша, білім беру жүйесіндегі олқылықтарды жою арқылы қоғамға қажетті еліміздің кадрлық әлеуетін арттыра аламыз.

Боранханова Ақмарал Исабайқызы,

Атырау облысы Білім беру басқармасының Мақат ауданы білім бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT