Алтын құрсақты аналар марапатталды

Алтын құрсақты аналар марапатталды
фото: автордікі
(0 Votes)

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Ербол Ермағамбетов Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 20 маусымдағы №582 Жарлығымен наградталған көп балалы аналарды қабылдады. 

Қабылдау кезінде Ербол Қонысбайұлы ұрпақ санын арттырып, ел демографиясына үлес қосқан ардақты аналарға ізгі тілегін жолдап, «Алтын және күміс» алқаларды табыс етті.

Құрметке бөленген аналардың ішінде Мереке Семова, Гүлбағдат Кударова, Ғалия Дәулетова «Алтын» және Наталья Витлицкая, Лилия Аманшиева, Жаншат Орысбаева «Күміс» алқамен марапатталды.

Айта кетейік, ауданда 215 “Алтын” және 368 “Күміс” алға иегерлері бар.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521