ОБЛЫС ӘКІМІ СЕРІК ШӘПКЕНОВ МАҚАТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ОБЛЫС ӘКІМІ СЕРІК ШӘПКЕНОВ МАҚАТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
(0 Votes)

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Мақат ауданының тұрғындарымен кездесті. 

Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен алдағы даму бағыты талқыланды.

Серік Шәпкенов Мақатта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, аудандағы апатты үйді сүру мәселесі өзектілігін айтты. Мұны шешу үшін биыл салынған екі пәтерлік 28 үи‌ (56 пәтер) сатып алынды. Оның 14-не (28 пәтер) тұрғындар желтоқсанда көшірілді, келер жылы да тұрғын үйлер салынатындығын атап өтті.

Сондай-ақ аймақ басшысы білім беру саласында қолға алынған істерге тоқталды.

- Облыс орталығында заманауи екі Binom мектебі ашылып, тағы екеуінің құрылысы басталды. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Енді Құлсары және Мақат аудандарында осындай заманауи білім ордаларын салуды жоспарлап отырмыз. Балаларға сапалы білім беру үшін барлық жағдайды жасау керек. Бұл мектептер заманауи технологиялармен жабдықталған, қажетті мүмкіндіктің бәрі бар. Бұдан бөлек, «NCOC» компаниясының демеушілігімен Мақат кентіндегі №2 бастауыш мектебіне жапсарлас 250 орындық ғимарат құрылысын бастауға сараптаманың оң қорытындысы алынды. Құрылысты келер жылы бастау күтіліп отыр,-деді С.Шәпкенов.

Мақаттықтардың жиі көтеретін мәселесі - автобус аялдамаларын салу. Келер жылы 54 автобус аялдамасын салу жоспарланды.

Ал Доссор кентіндегі вокзал перронын күрделі жөндеуден өткізу үшін жасалған жобалық-сметалық құжаттамаға өзгеріс енуінен, құрылыс жұмыстары келесі жылға шегерілді. Серік Шәпкенов аудан әкіміне бұл мәселені қатаң қадағалауда ұстауды тапсырды.

Кейін мақаттықтар жұмыспен қамту, баспана беру, таза ауыз сумен қамту сынды өзге де мәселелерді көтерді.

Аймақ басшысы жиында көтерілген сауалдар заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін айтты. Кейін жұртшылықты жеке мәселесі бойынша қабылдап, сала мамандарымен бірге сұрақтарға жауап берді.

Ә.Қасым

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT