Бүгін аудан әкімі Азамат Саматұлы ауданның 100 жылдығына аясында Мақат және Доссор кенттеріндегі мемлекеттік бағдарламамен жергілікті бюджет есебінен сатып алынған 10 жаңа тұрғын үйдің кілтін 20 отбасыға салтанатты түрде табыс етті.
Шарада аудан әкімі тұрғындардың тұрмыс тіршілігін жақсарту мақсатында келер жылы да ауданымызда тұрғын үйлер салынатындығын атап өтіп, қуаныштарымен құттықтады.
Жалпы, баспана кілті кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына, көпбалалы отбасылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы мен жалғыз үйі ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға берілді.
Барлық тұрғын үй иелерін бүгінгі қуаныштарымен құттықтаймыз!
Ә.ҚАСЫМ